«Smart city» тұжырымдамасы негізінде технологияларды қолданудың тиімділігі
Қаралымдар: 144 / PDF жүктеулері: 211
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-1-360-370Кілт сөздер:
кенттену, «smart city» тұжырымдамасы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, технологиялар тиімділігіАңдатпа
ХХ ғасырдан басталған жылдам индустрияландыру мен интеллектуалды технологиялардың пайда болуы және жаппай цифрландыру дәуіріне аяқ басу жаһандық урбандалуға үлкен серпін берді. Бұл үрдіс өз кезегінде қала өмірін өзгертті. Адам мен қоршаған орта арасындағы байланыс пен тұрақтылықты сақтау мақсатында үлкен ақпарат, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) және сенсорлық, инновационды технологиялар, заттардағы интернет (ІоТ) негізінде жасалған құралдар, өндіріс орындары жаңа өнімдер мен қызметтер аясын кеңейтуге жол ашты. Индустрияландыру мен урбандалу процесі қалалардың инновационды технологияларға икемді «ақылды қала» болуын талап етті.
Мақала Қазақстан Республикасындағы «ақылды қалалар» феноменін зерттеуге арналған. «Ақылды қала» түсінігіне анықтама берудің түрлі тәсілдері талданады және үш параметр бойынша анықтама ұсынылады. Жұмыстың мақсаты – Астана қаласындағы қалалық мәселелерді шешуде технологияларды қолданысқа енгізу және оларды қолдану ерекшеліктерін анықтау. Инновациялық технологияларды қолданысқа енгізу нәтижелерін болжау мүмкін емес, яғни, технологиялардың болуы қаланың «ақылды» болып қалыптасуының кілті болып табылмайды. Ең маңыздысы – қала тұрғындарының «технологиялар мен ақылды шешімдерді» қолданатындығы, әлде, олар қажет етілмейді ме? Технологияларды қолданысқа енгізудің нәтижелері талданып, АКТ қолданудың тиімділігі қарастырылды.