Қазақстан Республикасында экономиканы басқарудағы ақша-қаржы құралдарын жаңғырту
Қаралымдар: 127 / PDF жүктеулері: 908
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-2-220-231Кілт сөздер:
салық, бюджет, ақша-қаржы құралдары, басқару, экономикаАңдатпа
Осы мақалада Мемлекет басшысы Қ.-Ж. Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде жаңа экономикалық саясатқа, оның ішінде жаңа Салық кодексін әзірлеуге байланысты тапсырмасын орындау мәселелері қаралды.
Салық кодексін әзірлеу үшін тәжірибелік ұсынымдар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық жүйесінің жұмыс істеу тиімділігіне талдау жүргізіліп, оның кемшіліктері және оларды жою жолдары айқындалды.
Баға белгілеу мәселелерін реттеу үшін ақша жүйесінің элементтері қаралды, елдегі ақша айналымын жүйелі реттеуге ықпал ететін шаралар айқындалды және қаржы жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне қатысты ұсынымтар әзірленді.
Талдау және синтездау, салыстыру, статистикалық талдау әдістерін қолдану арқылы «бюджетті басқарудан» «нәтижелерді басқаруға» көшу міндеттерін шешу шеңберінде бюджетті жоспарлау мен орындаудың қолданыстағы тетіктері айқындалды және жаңа Бюджет кодексінде бюджеттік құралдарды қайта қарау және жетілдіруге қатысты шаралар ұсынылды.
Ұсынылған шаралар ақша-несие және салық-бюджет құралдарын жаңғыртуға және республикада жаңа экономикалық саясатты іске асыруға бағытталған
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.