«Ғарыш туризмі» тұжырымдамасының туризммен байланысын анықтау
Қаралымдар: 117 / PDF жүктеулері: 263
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-2-306-315Аңдатпа
Қазіргі уақытта ғарыш туризмі тақырыбы батыстық ғалымдардың пікірталас тақырыбына айналған. Кейбір ғалымдар ғарыштық туризмді туризммен байланыстырса, кейбіреулері ғарыш туризмінің туризммен ешқандай байланысы жоқ екендігін алға тартады. «Ғарыш туризмі» түсінігі айналасындағы пікірталастың негізгі себебі, нақты «ғарыш туризмі» анықтамасының болмағандығында. Ғарыш туризмі түсінігін әлі күнге дейін футуристік термин ретінде қабылдайтындар да бар. Осының барлығы ғарыш туризмінің негізгі белгілерін анықтап, анықтамасын нақтылау, туризм классификациясындағы орнын анықтау шараларының жасалмағандығында.
Туризм мен ғарыш туризмінің арасында байланыстың бар-жоқтығын анықтау үшін ең алдымен «ғарыш туризмін» тұжырымдама ретінде ала отырып, оның қолданыстағы «туризм» терминіне қаншалықты сәйкес келетіндігін зерттеу қажет. Осы мақаланың негізгі мақсаты – «ғарыш туризмі» тұжырымдамасының туризммен байланысын анықтау. Талқылау бөлімінде әртүрлі батыстық, отандық дерек көздерден алынған мәліметтер сараланады. Кабинеттік зерттеулер нәтижесінде "ғарыштық туризм" анықтамасы "туризм" анықтамасына толық сәйкес келетіндігін және оны туризмнің бір түрі ретінде тануға болатындығы ұсынылады.