Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы сапа дамуының заманауи бағыттарын анықтау мәселесі


Қаралымдар: 82 / PDF жүктеулері: 83

Авторлар

  • P. Қадырова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • A. Қаңтарбаева әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-3-222-237

Кілт сөздер:

мемлекеттік қызметтер, мемлекеттік қызметтердің сапасы, сапаны басқару, цифрлық мемлекеттік қызметтер

Аңдатпа

Халыққа көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң сапасын арттыру  заманғы зерттеушiлердiң еңбектерiнде қазiргi кезеңде мемлекеттiң дамуының мiндетi ретiнде сипатталады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы сапаны дамытудың қазіргі бағыттары зерттеудің мәні болып табылады. Зерттеудің мақсаты дамыған елдердің халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қазіргі заманғы ұйымдастырудағы тәжірибесін талдау болды; Қазақстанда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын дамыту бағыттарын анықтау.

Мақалада цифрлық үкімет негізінде мемлекеттік қызметтердің сапасын дамыту мәселелері қарастырылады. Бүгінде мемлекеттік қызметтерді цифрлық трансформациялау дамыған мемлекеттік басқаруды сипаттайды. Алайда халыққа цифрлық мемлекеттік қызмет көрсету саласында қиындықтар туындап отыр. Мақалада дамыған елдердің халыққа цифрлық мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету мәселесі бойынша тәжірибесі зерделенеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын дамытудың ықтимал бағыттары туралы қорытындылар шығарылады. Мұндай бағыттар технологияларды дамыту және клиенттердің қанағаттанушылығына бағдарлану болып табылады. Зерттеудің практикалық маңыздылығы мынада: зерттеу нәтижелері қазіргі кезеңде халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын дамытуды басқару саласындағы зерттеу, талдау және жобалау қызметінің негізі ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-27

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қадырова R., & Қаңтарбаева, А. (2023). Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы сапа дамуының заманауи бағыттарын анықтау мәселесі. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (3), 222–237. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-3-222-237

Журналдың саны

Бөлім

Статьи