Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар мен бизнес-құрылымдардың өзара әрекеттестігі
Қаралымдар: 30 / PDF жүктеулері: 10
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-4-106-128Кілт сөздер:
мемлекеттік органдар, бизнес құрылымдар, кәсіпкерлік, механизмдік жүйелеу, мемлекеттік реттеу, экономикалық мүдделер, кәсіпкерліктің өзара әрекеттесу бағыттарыАңдатпа
Мақалада мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытудағы критерийі бойынша Қазақстан Республикасындағы аймақтық мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлікпен айналысатын құрылымдардың өзара әрекеттесуін бағалау жағдайы қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – кәсіпкерлік құрылымдар мен мемлекет арасындағы өзара әрекеттестік механизмінің мәні мен мазмұны туралы теориялық және практикалық идеяларды дамыту. Аралас экономиканы басқарудың өркениетті принциптерін енгізудің қолданыстағы әдістері мен тәжірибесін зерделеуде
институционалдық, праксеологиялық, тарихи-салыстырмалы әдістермен қатар құқықтық және тұрмыстық институттарды индуктивті талдау әдістері қолданылды. Әріптестікті дамыту стратегиясының құрылымдық құрамдас бөліктерінің құрамы мен сипаттамаларын, мемлекет пен кәсіпкерлікті дамыту стратегиясын іске асыру тетігінің құрамдас бөліктерін,
бірлескен кәсіпкерлікті және кәсіпкерлікті дамыту механизмін іске асыру нәтижелерінің өзара байланысын зерттеу негізінде жергілікті билік органдарының жұмысын бағалау критерийлері айқындалды. Сонымен қатар, аймақтық деңгейдегі бизнес пен үкіметтің өзара әрекеттесу матрицасы да құрастырылып, мемлекеттік органдар мен бизнес құрылымдарының өзара әрекеттесу үлгілері, билік пен бизнес құрылымдарының өзара әрекеттесу алгоритмі зерттелді. Зерттеуге сыбайлас жемқорлық оқиғаларының саны мен сипатын, сондай-ақ бейресми операциялардың ауқымын егжей-тегжейлі сипаттайтын ресми статистиканың сандық және сапалық талдауы кірді. Бұл талдаулар көлеңкелі сұлбаларды анықтауға негіз болды.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 А. Баймбетова, А. .Есенәлі, А. Кулбаева

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.