Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесін бағалау және оның сапасын басқару мәселелері


Қаралымдар: 112 / PDF жүктеулері: 66

Авторлар

  • С. Искендирова ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалы
  • С. Зейнолла Қазақстан-Неміс университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-2-121-140

Кілт сөздер:

assessment, management, higher education, development, human capital

Аңдатпа

Қазіргі заманғы еңбек нарығы жоғары білім сапасын арттыруды, кәсіптік даярлықты, жоғары оқу орындарының түлегі алатын біліктіліктің жоғары деңгейін талап етеді. Сондықтан қазіргі заман талаптарына жауап беретін адами капиталды қалыптастырудың негізгі құралы ретінде жоғары білім беру жүйесін бағалау ерекше маңызға ие. Мақалада Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің негізгі көрсеткіштері талданады, ЖОО-лар санының серпіні, оқуға түсу, бітіру және студенттер саны, шетелдік студенттер арасындағы қазақстандық жоғары оқу орындарына деген сұраныс, сондай-ақ оқытушы-студент арақатынасы бағаланады. Негізгі проблемалар айқындалып, жоғары білім сапасына әсер ететін факторларды әзірлеу қажеттілігі  негізге алынады. Зерттеу жоғары білімді басқарудың қолданыстағы жүйесі алдында тұрған проблемалардың шешімін іздеуге бағытталған. Статистикалық ақпаратты жинау жүйелері мен жоғары білім беру сапасын бағалау әдістері барына қарамастан, оларды тиімді, ыңғайлы, ашық, жаңа жағдайларға бейімділік тұрғысынан қарастыру қажет. Аталған проблемаларды шешу жоғары сапалы жоғары білімге қолжетімділікті арттыруды қамтамасыз етуге, білім беру секторын дамытуға және жоғары білім сапасын арттыруға оң әсерін тигізуі мүмкін.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-27

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Искендирова, С., & Зейнолла, С. (2024). Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесін бағалау және оның сапасын басқару мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (2), 121–140. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-2-121-140

Журналдың саны

Бөлім

Статьи