Бюджеттік кодекстің жаңа редакциясы және бюджеттік саясатты жетілдіру мәселелері
Қаралымдар: 60 / PDF жүктеулері: 67
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-1-325-342Кілт сөздер:
Бюджеттік кодекс, бюджеттік саясат, үш жылдық республикалық бюджет жобасы, бюджеттік саясатты жетілдіру, Ұлттық қорАңдатпа
Бұл мақалада біз қойған мақсат – ол Бюджеттік кодекстің жаңа редакциясына енгізілген негізгі өзгерістерді, олардың мәні мен мемлекеттік қаржыны басқарудағы рөлін қарастыру. Бюджеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру тәсілдерін жаңарту қажеттілігі Бюджеттік кодекстің жаңа редакциясын әзірлеуді талап етті, өйткені бюджет жүйесін реформалау және бюджеттік саясатты жетілдіру негізінен Бюджеттік кодекстің ережелеріне негізделеді.
Мақсатқа сәйкес мақалада абстракті-логикалық және салыстырмалы әдістерді қолдана отырып, жуырда ғана Үкімет отырысында қаралған Бюджеттік кодекстің жаңа редакциясы жобасының жекелеген бөлімдері мен тарауларының мазмұны мен алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасының көрсеткіштері қарастырылды. Бюджеттік кодекстің жаңа редакциясы жобасының мазмұны бірінші кезекте бюджеттік процестерді жеңілдетуге, бюджетаралық қатынастарды жақсартуға және мемлекеттік қаржыны басқару сапасын арттыруға бағытталғаны айтылды. Жаңа Бюджеттік кодекстің өзгертілген және жаңадан енгізілген бөлімдері мен тарауларының мазмұны мен маңыздылығына баға берілді. Үш жылдық республикалық бюджеттің кірістері мен шығыстарының болжамды көрсеткіштерінің динамикалық және құрылымдық өзгерістері айқындалды. Республикалық бюджет жобасы алдағы үш жылға өзінің әлеуметтік бағытын сақтайтыны атап өтілгенімен, қарыздарға қызмет көрсету және Ұлттық қор қаражатын пайдалану есебінен шығындар құрылымында біршама өзгерістер бар екені айтылды.
Қарастырылып отырған мәселелерді зерделеу нәтижесінде Бюджеттік кодекстің жаңа редакциясының мазмұны Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында атап көрсеткен жаңа экономикалық бағытты іске асыруға, қалыптастыру тәсілдерін жетілдіруге ықпал ететіні және бюджеттік саясатты жүзеге асыру, ең алдымен, мемлекеттің барлық қаржылық ағындарының шоғырлануын, бюджеттік ережелердің қатаң сақталуын және мемлекеттік органдардың, оның ішінде экономиканың квазимемлекеттік секторы субъектілерінің есептілігін бақылауды қамтамасыз етуге бағытталғаны дәлелденді.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Г. Утибаева, A. Жусупова, Б. Утибаев
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.