Қазақстанда ауыл туризмін дамыту агробизнесті әртараптандырудың басым бағыты ретінде


Қаралымдар: 91 / PDF жүктеулері: 88

Авторлар

  • Ә. Бердібекова Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті https://orcid.org/0009-0002-7752-4630
  • Б. Айнаканова С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Л. Муталиева Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-1-381-403

Кілт сөздер:

аграрлық сектор, әртараптандыру, ауылдық туризм, тиімділікті бағалау, ауылдық аумақтар, аграрлық саясат, шаруашылық организм.

Аңдатпа

Әлемнің кез келген ел экономикасының аграрлық секторы өзінің тұрақтылық міндеттерін нарықтық қатынастардың серпінді өзгеретін жағдайында шешеді. Осыған байланысты мемлекет - экономикалық реттеу міндеттерін дәйекті жүзеге асырудың, аграрлық сектордағы нарықтық қайта құру процестерін саналы және мақсатты үйлестірудің кепілі болып табылатыны қисынды. Қазақстанның ауыл шаруашылығы ел экономикасының негізгі салаларының бірі және экономиканың аграрлық саласында әртараптандыру процестерін жүзеге асыру үшін айтарлықтай даму әлеуетіне ие болғандықтан, ерекшелік болып табылмайды [1].

Жоғарыда айтылғандарға байланысты әлеуеті зор ауылдық туризмді дамыту ұлттық экономиканы әртараптандырудың тиімді жолы бола алады. Алайда, Қазақстанда туризмнің бұл бағыты өзінің дамуының ең ерте кезенінде болып, іс жүзінде айтарлықтай іске асырылмайды. Ауылдық туризмді ынталандыру - ауылдық инфрақұрылымды және өмір сүру деңгейін жақсартуға, аймақтың бірегей сәйкестігін сақтау үшін маңызды мәдени мұраны, дәстүрлер мен қолөнерді сақтауға және ілгерілетуге ықпал етеді.

Бұл мақала аграрлық кәсіпорындардағы әртараптандыру процесін зерттейді және оның ауылдық туризмді дамыту шеңберіндегі тиімділігін бағалауға тырысады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бердібекова, А., Айнаканова, Б., & Муталиева, Л. (2024). Қазақстанда ауыл туризмін дамыту агробизнесті әртараптандырудың басым бағыты ретінде. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (1), 381–403. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-1-381-403

Журналдың саны

Бөлім

Статьи