Қазақстанның еңбек биржасында жасанды интеллектіні қолданудың бүгінгі проблемалары


Қаралымдар: 120 / PDF жүктеулері: 49

Авторлар

  • А. Бекішева Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
  • Қ. Бекетова Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-3-80-93

Кілт сөздер:

HR, жасанды интеллект, компания, электрондық жүйе, рекрутинг, чатбот, бағдарлама

Аңдатпа

Мақалада HR саласындағы жасанды интеллект туралы түсінік беріліп, саланы цифрландырылу жасанды интеллектіні кеңінен қолданудан көрініс тауып отырғаны айтылады. Зерттеушілер еңбектеріне шолу жасау арқылы жасанды интеллект саласының теориясы мен тарихы жүйеленеді.

Жасанды интеллектіні пайдалану мүмкіндіктері нақтыланып, тиімділігі қарастырылады. Зерттеу нәтижесінде HR саласында жасанды интеллект төрт негізгі санатта пайдаланылатындығы айқындалып, көбіне автоматтандырылған түйіндемені іздеу, талдау, таңдау қызметіне сұраныстың жоғары екендігі анықталды. Сонымен бірге бос жұмыс орнына үміткерлерді шақыру үшін, оның ішінде талапқа сай талантты қызметкерді анықтауда чатбот, Skype арқылы сұқбаттасу, НeadHunter сияқты онлайн-рекрутинг платформасындағы ақпараттарды пайдалану, бос жұмыс орындары туралы жәрмеңкелерге хабарландыру беру, мемлекет тарапынан енгізілген пилоттық жобалар негізіндегі жұмыстар талданады. 

Қазақстан еңбек биржасында жасанды интеллект бойынша енгізілген бағдарламалардың ерекшелігі, HR жүйесіне әкелген өзгерісі, пайдасы мен кемшілігі сөз болады. Әсіресе соңғы жылдардағы жасанды интеллект саласындағы ең тиімді бағдарламалар ретінде: IBM  компаниясының  Deep Blue  бағдарламасы, көлік жүргізуге арналған Alvinn бағдарламасы, Microsoft Application and Servies Group жасаған сөйлейтін робаттар бағдарламасы, медицина, фармацевтика саласындағы бағдарламалар ерекшелігі туралы зерттеулердің маңыздылығы сарапталып, өңірлік кәсіпорындар мысалында қарастырылады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-26

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бекішева, А., & Бекетова K. (2024). Қазақстанның еңбек биржасында жасанды интеллектіні қолданудың бүгінгі проблемалары. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (3), 80–93. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-3-80-93

Журналдың саны

Бөлім

Статьи