Қазақстанның туристік индустриясын цифрлық трансформациялаудың экономикалық аспектілері
Қаралымдар: 23 / PDF жүктеулері: 15
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-3-383-396Кілт сөздер:
туризм индустриясы, жасанды интеллект, инфрақұрылым, цифрлық экономика, цифрлық технологияларАңдатпа
Туризм - бұл әлемдік экономиканың маңызды, жоғары рентабельді және қарқынды дамып келе жатқан саласы. Туризмнің тиімді өсуі экономиканың маңызды салаларына, соның ішінде көлік және коммуникация, сауда, құрылыс, ауыл шаруашылығы және тұтыну тауарларын өндіруге айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан дамыған туристік секторды құру Қазақстан Республикасының экономикасын құрылымдық қайта құрудың негізгі стратегиясы ретінде өте маңызды.
Мақалада туризм саласындағы цифрлық технологиялардың ықпалымен болған өзгерістер талданады. Мобильді қосымшалар, онлайн брондау жүйелері, QR-кодтар, виртуалды турлар мен цифрлық навигацияны қолдану үрдістері қарастырылады. Тұтынушы мінез-құлқының өзгеруі және дәстүрлі сатылым арналарынан цифрлық платформаларға көшу үрдісі сипатталады. Қазақстандағы туристерді орналастыру, қонақүй кірістері және онлайн сатылымдардың динамикасы бойынша статистикалық деректер келтірілген. Онлайн бедел, пікірлердің туристік шешім қабылдауға әсері, жекелендірілген және қауіпсіз қызмет көрсету тәжірибесі зерттелген. Цифрлық өзара әрекеттесудің ерекшеліктері мен тиімділігі көрсетілген. Туризм саласын цифрландыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен ақпараттық платформалардың маңызы аталып өтеді. Мақалада цифрлық орта туризмнің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың және тұрақты дамуының маңызды факторы ретінде қарастырылады. Қызмет көрсету сапасын арттырып, ішкі және келу туризмін дамыту үшін инновациялық шешімдерді кеңінен қолдану қажеттігі қорытындыланды.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 A. Омарова, З. Борбасова, С. Улаков

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.