Тұрақты туризмді дамытудағы мүдделі тараптардың жетілуін бағалау
Қаралымдар: 12 / PDF жүктеулері: 7
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-4-335-353Кілт сөздер:
тұрақты туризм, мүдделі тараптардың жетілуі, Түркістан, туризмді басқару, стейкхолдорлардың байланысыАңдатпа
Зерттеудің мақсаты – Түркістан дестинациясы мысалында тұрақты туризмді кешенді бағалау және барлық туризм саласының мүделлі тараптарын атап айтқанда: туристік бизнес, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен жергілікті халық өкілдерінің тұрақты туризм қағидаттарын қаншалықты түсініп, қолдануын анықтау, сондай-ақ олардың өзара іс-қимылына әсер ететін негізгі факторларды зерделеу. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы мүдделі тараптардың рөлі мен олардың «жетілу» деңгейінің тұрақты туризмді дамытудағы теориялық тұжырымдамасын кеңейтуге бағытталған. Ал практикалық құндылығы алынған деректерді басқарушылар, жергілікті қауымдастықтар мен бизнес үшін экологиялық және әлеуметтік жауапты жобаларды жоспарлау мен іске асыруды жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында қолдану мүмкіндігінде. Зерттеу әдістемесі - сапалық тәсілге негізделген: мүдделі тараптармен жартылай құрылымдалған сұхбат жүргізіліп, стенографияланған мәтіндерге контент-талдау жасалды, сондай-ақ алынған деректер «жетілу» модельдерінің теориялық негіздерімен салыстырылды. Негізгі тұжырымдар мүдделі тараптардың тұрақты туризмді түсінудегі әркелкілігі мен өзара қарым-қатынасындағы кемшіліктерді көрсетеді. Зерттеудің нәтижелері - тұрақты туризм қағидаттарын түсіну деңгейінің біркелкі еместігі, топтар арасындағы коммуникацияның жеткіліксіздігі және іс-қимылдардың үйлеспеуі анықталды. Сонымен қатар, тұрақты тәжірибелерді енгізуге кедергі келтіретін негізгі шектеулер белгіленді. Эталондық модельдермен салыстыру ағымдағы және қажет деңгей арасындағы айырмашылықтың айтарлықтай екенін көрсетті. Қорытындылар - мүдделі тараптардың «жетілу» деңгейін арттыру тұрақты туризмді дамытудың теңгерімді стратегиясын қалыптастыру үшін шешуші мәнге ие. Институционалдық үйлестіруді күшейту, білім беру мүмкіндіктерін кеңейту және тұрақты өзара әрекеттесу тетіктерін енгізу Түркістан дестинациясының бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік береді.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Б. Альмухамбетова, А. Баймбетова, Б. Ырза

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.





