Қазақстандағы ауыл шаруашылығын субсидиялаудың тиімділігі
Қаралымдар: 20 / PDF жүктеулері: 11
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2025-3-205-226Кілт сөздер:
агроөнеркәсіптік кешен, ауыл шаруашылығы, субсидия, мемлекеттік қолдау, тиімділік, ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы, рентабельділік, инклюзивті дамуАңдатпа
Ауыл шаруашылығы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, Қазақстан экономикасында шешуші рөл атқарады. Климаттық өзгерістер мен экономикалық тұрақсыздық жағдайында субсидиялау мемлекеттік қолдаудың негізгі құралы болып қала береді. Алайда, мұндай шараның тиімділігі терең талдауды қажет етеді.
Мақала 2017-2023 жылдар кезеңінде Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өндірісінің көлеміне мемлекеттік субсидиялардың әсерін талдауға арналған. Зерттеу проблемасы өзгермелі экономикалық және климаттық факторлар жағдайында агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) субсидиялаудың тиімділігін анықтау болып табылады. Тақырыптың өзектілігі елдегі ауыл шаруашылығы секторының тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін мемлекеттік қолдаудың маңыздылығына байланысты.
Зерттеу нәтижелері субсидиялардың ауыл шаруашылығы өндірісінің көлеміне айтарлықтай оң әсер ететінін көрсетті және субсидиялауды күшейту, несиелердің қолжетімділігін арттыру және ауыл шаруашылығына заманауи технологияларды енгізу қажеттілігін көрсетеді. Ауыл шаруашылығы секторының еңбек өнімділігі мен рентабельділігін арттыруға бағытталған стратегияларды әзірлеу, сондай-ақ мемлекеттік қолдау бағдарламаларының тиімділігіне мониторинг жүргізу ұсынылады.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Р. Сарбасова, Б. Аймурзина, Г. Матайбаева

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.