Адами капиталды бағалау әдістемелерін талдау
Қаралымдар: 89 / PDF жүктеулері: 285
Кілт сөздер:
бағалау әдістемесі, микро деңгей, кәсіпорын, қосылған құн, инвестициялар, қайтарымАңдатпа
Адами капиталдың құрылымы мен өлшемі мәселелері өз өзектілігін жоғалтпайды: бұл
адам капиталы іске асырылатын орын – еңбек нарығы конъюнктурасының тұрақты өзгерістерінен туын-
дайды.
Адами капитал тұжырымдамасын дамытудағы қаржы-экономикалық бағыттың өкілдері оның құнын
бағалауды шешуге екі жақты қарайды, дегенмен оларды зерттеулердің қолданбалы бағыты, олардың
нәтижелерін практикада, ең алдымен жалақы жүйесін жетілдіру үшін пайдалану ниеті біріктіреді.
Мақалада кәсіпорындардың адами капиталын өлшеудің заманауи тұжырымдамалары мен әдістеріне
салыстырмалы талдау жасалды. Тәсілдердің сипаттамалары мен айырмашылықтары анықталды, «ада-
ми капитал» категориясының авторлық анықтамалары және және Дж. Минсерінің жалақы теңдеуінің
модификациясы ұсынылды. Адами капитал – бұл экономикалық өсудің жетекші факторы және кәсіпо-
рынның инновациялық дамуының драйвері.