Пандемия жағдайындағы ұлттық экономиканың даму тенденциялары


Қаралымдар: 110 / PDF жүктеулері: 55

Авторлар

  • Ә.С Бақтымбет
  • А.М. Бакирбекова
  • С.С. Бактымбет

Кілт сөздер:

экономиканы әртараптандыру, әлемдік экономика, нарық, әлемдік бағалар, жаһандық сауда, Қазақстандық экспорт, құрылымдық реформалар, ақша-кредит саясаты.

Аңдатпа

Авторлар ұлттық экономиканың ағымдағы жағдайын қарап, біздің еліміз Қытай, Еуропа және Орталық Азия нарықтарындағы өсімнен пайда көре алатындығына байланысты Қазақстанның
дамуындағы сауданың рөлі туралы зерттеу жүргізді. Құрылымдық реформаларды үздіксіз жүзеге асыру
күшті және неғұрлым инклюзивті экономикалық өсуді қолдау үшін өте маңызды. Қазақстан экспорт
географиясын әртараптандыруда жақсартуларға қол жеткізді. Болжамға сәйкес, Қазақстан экономикасы
негізгі сауда серіктестері тарапынан әлсіз сұраныс және ішкі сұранысты ынталандыру бойынша бұрын
қабылданған шаралардың әсерін төмендету жағдайларында өсетін болады.
Соңғы он жылдағы өсу қарқынының баяулауы өнімділіктің жеткіліксіз өсуімен байланысты. Биылғы
жылы әлеуметтік шығындардың өсуі ішкі сұранысты күшейтті және инфляцияның өсуіне әкелсе де, экономикалық өсуді қолдады, бірақ экономикалық өсу қарқынын арттыру үшін өнімділікті арттыру қажет.
Авторлар бағаның тұрақтылығын және инфляция деңгейін ҚҰБ мақсатты дәлізі шегінде ұстап тұруға
бағытталған ақша-кредит саясатына талдау жүргізді. Ішкі сұраныстың артуы ағымдағы операциялар
шоты тапшылығының өсуіне және инфляцияның өсуіне алып келді, бірақ Қазақстан Ұлттық Банкі (ҚҰБ)
инфляцияны бақылау бойынша қабылдаған шаралар макроэкономикалық тұрақтылықты нығайтуға
көмектесті.
Осыған байланысты өнімділікті арттыру және мұнай емес экономикаға аса қажетті шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында құрылымдық реформаларды белсенді іске асыруды қайта бастау қажет. Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін мемлекет осы уақытқа дейін қабылдаған саяси шаралар
жұмыс орындарын құру жөніндегі батыл қадамдармен қатар кедейлікті азайтуға ықпал ететін болады.
Қазақстанның экономикалық дамуындағы тауарлар саудасы мен экспортына талдау жасалды, Қытай,
Еуропа және Орталық Азия нарықтарындағы өсудің артықшылықтары анықталды. Сауда мұнай секторынан тыс экономикалық өсу мен әртараптандыруға мүмкіндіктер ашады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-23

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бақтымбет A. ., Бакирбекова A. ., & Бактымбет S. (2023). Пандемия жағдайындағы ұлттық экономиканың даму тенденциялары. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (4), 55–63. Retrieved from https://bulecon.enu.kz/index.php/main/article/view/251

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)

1 2 > >>