Шикізат аймағының инновациялық даму процесіне «ақылды мамандандыру» моделінің ғылыми негіздемесі
Қаралымдар: 90 / PDF жүктеулері: 100
Кілт сөздер:
инновациялар, инновациялық даму, басқару, «ақылды мамандандыру» моделі, шикізат өңірі, Қазақстан.Аңдатпа
Қазіргі уақытта кластерлерді оқшаулау аумақтарын айқындау саласындағы озық құрал
өңірлік кластерлерді қалыптастыруға ерекше ғылыми тәсіл болып табылатын «ақылды мамандандыру»
моделі болып табылады. «Ақылды мамандандыру» моделінде өңірлік маманданудың анықталған салаларындағы инновациялық зерттеулер мен әзірлемелерді қолдау және ынталандыру арқылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына барынша үлес қоса алатын қызмет салаларын іздеу және таңдау қажеттілігі атап көрсетіледі. Өңірлік экономикалық прогрестің маңызды шарты өз әлеуетін және үздік әлемдік
тәжірибелерді талдау негізінде өңірді дамытудың инновациялық өсуінің әлеуетті полюстерін анықтау
болып табылады.
Мақалада «ақылды мамандандыру» моделін аймақтың инновациялық даму процесіне қолданудың
басымдылығы мен тиімділігі атап көрсетілді. Шикізат өңірі экономикасы секторларының сипаттамалары айқындалды. «Ақылды мамандандыру»моделі бойынша шикізат өңірінің инновациялық дамуға
көшу әсері белгіленді.