Қазақстандағы азық-түлік өнімдерін қайта өңдеуші кәсіпорындардың қызметін оңтайландыру
Қаралымдар: 134 / PDF жүктеулері: 338
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2022-4-65-73Кілт сөздер:
ауыл шаруашылығы; агроөнеркәсіптік кешен; қайта өңдеу кәсіпорындарын оңтайландыру; ауыл шаруашылығы өнімі; азық-түлік, тұтыну; импорт.Аңдатпа
Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін нығайту, сонымен қатар, елімізде азық-түлік тауарлары қорын молайту арқылы инфляцияны болдырмаудың тиімді жолы - ауыл шаруашығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарының жұмысын оңтайландыру деп есептейміз. Мақсаты – Қазақстандағы азық-түлік өнімдерін қайта өңдеуші кәсіпорындардың қазіргі даму жағдайын талдау және оның одан әрі даму жолдарын анықтау. Әдістері – Еліміздегі қайта өңдеуші кәсіпорындардың қазіргі даму жағдайын талдау үшін статистикалық-экономикалық, аналитикалық, салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесі бойынша қорытынды жасау барысында жүйелік, монографиялық, есептік-конструктивтік тәсілдер қолданылды. Мақалада алдағы үш жылда еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін түбегейлі шешу бағыттары қарастырылған. Азық-түлік қауіпсіздігі және тамақ өнімдерін қайта өңдеуші кәсіпорындардың жағдайы туралы жазылған отандық ғалымдардың еңбектерін ескере отырып, ондағы проблемалар жіктеліп көрсетілді, қайта өңдеуші кәсіпорындардың жұмысын оңтайландыру бойынша қорытынды жасалды. Қорытындылар – Әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен республика халқын толық қамтамасыз ету үшін аймақтардың мамандану деңгейіне сәйкес, ауылдардың орналасу картасы бойынша аудан орталықтары мен моноқалалардан мамандандырылған қайта өңдеу зауыттарын құру керек. Ұсақ шаруашылық иелерінің өндірістік және қаржылық сауаттылығының арттыру арқылы ауылшаруашылық кооперативтерін нығайту және ұйымдастыру қажет. Өндірілген ауыл шаруашылығы өнімін тұрақты өткізуді қамтамасыз ету және оны делдалсыз тұтынушыға дейін жеткізу үшін әр бір қайта өңдеу кәсіпорындарының жанынан агрологистикалық және сервистік, көтерме-тарату орталықтар желісін құру қажет.