Қазіргі жағдайдағы еңбек нарығы мен жоғары білім жүйесінің өзара байланысы
Қаралымдар: 61 / PDF жүктеулері: 56
Кілт сөздер:
еңбек нарығы, жоғары білім, адами ресурстар, жұмыспен қамту, нарықтық экономика.Аңдатпа
Ұлттық экономиканың тиімді жұмыс істеуі мен дамуының маңызды шарты ең-
бек нарығының тепе-теңдік проблемасын шешу болып табылады. Адам ресурстарына сұраныс
құрылымының оны ұсыну құрылымымен сәйкес келмеуінің салдары жұмыссыздық, өмір сапасы-
ның төмендеуі, қоғамдағы моральдық климаттың нашарлауы және оның стратификациясы болып
табылады. Сонымен қатар, белгілі бір мамандықтардағы жұмыс күшінің жетіспеушілігі кәсіпо-
рындардың жұмыс нәтижелерінен көрінеді. Мақала жоғары білім жүйесі мен еңбек нарығының
өзара әрекеттесу мәселелеріне арналған. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетіктерін қолдану
әдістемесін қолдану негізінде жұмыс берушілер мен оқу орындары арасындағы ынтымақтастық
бағыттары айқындалады.