Туризм саласындағы инновациялық қызметтің ғылыми зерттеу теориясы


Қаралымдар: 111 / PDF жүктеулері: 185

Авторлар

  • К.Б. Тукибаева
  • Г.С. Жансеитова
  • А.М. Бакирбекова

Кілт сөздер:

туризм саласы, инновация, инновациялық қызмет, маркетинг, турөнім.

Аңдатпа

Туристік нарық жағдайындағы бәсекелестік қарқынның күшейе түсуі ғылым мен
тәжірибеге негізделген жаңашылдықтар жүйесін пайдалана отырып, инновациялық қызметті жетіл-
діруге ықпал етеді. Сондықтан Қазақстан дүниежүзіндегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарына ену
үшін және туристік саланы жаңа серпінмен дамыту үшін инновациялық ілгерілеуді зерттеп, оның
нәтижелерін іске асыруы қажет. Авторлар мақалада туризм саласындағы инновациялар мен инно-
вациялық қызметтің салаға тән ерекшеліктерін, оның теориялық-әдістемелік зерттелуінің ғылыми
деңгейін, әсіресе, туризмдегі инновацияның тұжырымдамалық негізін қалыптастырған ғалымдар
еңбегі мен олардың ғылыми жетістіктерін және зерттеу бағыттары мен нәтижелерін саралап, бірізді
жүйеге келтірген. Сонымен қатар, ғылыми мақала туризмдегі инновацияның жіктемелік белгілерін,
инновацияның экономикалық, қаржылық, ғылыми-техникалық, ресурстық, әлеуметтік, экологи-
ялық тиімділіктерін қарастырған. Авторлар туризм саласындағы инновациялық қызметтің теори-
ялық аспектілерін тиянақты зерттеп, тақырыптың өзектілігін аша білген

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-27

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тукибаева, К., Жансеитова, Г., & Бакирбекова, А. (2023). Туризм саласындағы инновациялық қызметтің ғылыми зерттеу теориясы. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (1), 230–240. Retrieved from https://bulecon.enu.kz/index.php/main/article/view/376

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)

1 2 > >>