Экономикалық дәліз құрудың шетелдік тәжірибесі
Қаралымдар: 63 / PDF жүктеулері: 103
Кілт сөздер:
экономикалық дәліз, аумақтық және трансұлттық ынтымақтастық, трансшекаралық экономикалық интеграция, интегралданған инфрақұрылым, көліктік желі, жолдар, порттар, аэропорттар, экономикалық қызмет, энергетикалық, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, қалалық инфрақұрылым, экономикалық аймақтар.Аңдатпа
Соңғы жылдары аумақтық экономикалық ынтымақтастық пен интеграцияның деңгейін көтерудің тиімді құралы ретінде трансұлттық экономикалық дәліз (ТҰЭД) құру барған сайын өзекті
болып барады. Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, ТҰЭД кеңістікті-баланстық экономикалық өсу мен дамудың нығаюына ықпал етеді. Соңғы жылдардағы Өзбекстанның саяси бағытындағы болған өзгерістерге
байланысты Қазақстан, Тәжікстан сияқты көршілес елдер аумақтық ынтымақтастық пен интеграцияның
әлеуетін пайдалануға ұмтылуда. Мұндай ынтымақтастық пен интеграцияның мақсаты экономикалық
өсуді ынталандыру, экспортты, сауда мен экономикалық инфрақұрылымды дамыту, жаңа тұрақты жұмыс орындарын жасау және өз азаматтарының өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады. Дәл қазіргі
жағдайда бұл елдер үшін бір-бірімен және басқа әлеммен экономикалық интеграцияны тереңдетуде
тарнсұлттық экономикалық дәліз құру өте пайдалы болуы мүмкін. Дегенмен, экономикалық дәліз құру
жай үдеріс емес және құқықтық нормалармен, экологиялық мәселелермен, қаржыландырумен, тиімді
институционалдық механизм құрумен, әділеттік және әкімшілік кедергілер және басқаларға байланысты қиын міндеттерді қамтиды. Осыған орай мақалада экономикалық дәліз құрудың шетелдік тәжірибесін зерттеу міндеті қойылады.
Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша осы мақалада экономикалық дәлізді құрудың оңтайлы
жақтарымен қатар, Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан арасында трансұлттық экономикалық дәліз
құруда есепке алуды қажет ететін негізгі мәселелер көрсетілген.