Кедендік және салықтық әкімшілендіру саласындағы мемлекеттік қызметтердің талдауы


Қаралымдар: 92 / PDF жүктеулері: 137

Авторлар

  • С. Казбекова Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы https://orcid.org/0009-0000-9490-6740
  • А. Зейнельгабдин Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы https://orcid.org/0000-0002-1103-0550
  • Г. Есенова «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы» https://orcid.org/0000-0002-4576-3920

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-3-206-221

Кілт сөздер:

кедендік әкімшілендіру, мемлекеттік қызметтер, салықтық әкімшілендіру, мемлекеттік кірістер органдары, автоматтандыру, цифрландыру, тиімділік, инновация

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті көрсететін салық және кедендік әкімшілендіру бойынша мемлекеттік қызметтердің түрлері берілген. 2017-2022 жылдар кезеңіндегі статистикалық деректерге талдау жүргізілді, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары электрондық форматта көрсететін салық және кедендік әкімшілендіру саласындағы мемлекеттік қызметтердің үлес салмағын, сондай-ақ мемлекеттік кірістер бойынша салық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыру есебінен Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне кірістерді анықтау өткізілді. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді көрсете отырып, салықтық және кедендік әкімшілендіру процесін цифрландыру ерекшеліктері қарастырылған. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижелері ашылды. Салық және кедендік әкімшілендіру, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша шетелдік сарапшылардың ғылыми еңбектері зерделенді. Салық және кедендік әкімшілендіру саласындағы мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ықпал ететін негізгі факторлар анықталды. Электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісі бойынша ұсынымдар тұжырымдалған.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-27

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Казбекова, С., Зейнельгабдин , А., & Есенова, Г. (2023). Кедендік және салықтық әкімшілендіру саласындағы мемлекеттік қызметтердің талдауы. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (3), 206–221. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-3-206-221

Журналдың саны

Бөлім

Статьи