Мемлекет пен бизнес призмасы арқылы инновациялық мемлекеттік қызметті пайымдау
Қаралымдар: 71 / PDF жүктеулері: 73
Кілт сөздер:
инновациялық, азаматтарға бағдарланған үкімет, трансформация, қоғамдық игілікАңдатпа
Мақалада жаңа еңбекақы төлеу жүйесінің пилоттық жобасы мысалында мемлекет-
тік органдар мен жеке компания өкілдері тұрғысынан инновациялық мемлекеттік қызметтің негізгі
аспектілері қарастырылған. Қызметкерлердің нәтижелілігіне байланысты жалақыны арттырумен
қатар, аталған жоба пилоттық органдарда трансформациялық процестерді іске қосты.
Сонымен қатар, ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес жұмыс тиімділігін арттыру үшін қабылдау
қажет шараларды бірыңғай түсінудің жоқтығы байқалады. Талдау бойынша тәуелсіздік алған сәт-
тен бастап Қазақстандық мемлекеттік қызмет айтарлықтай оң өзгерістерге ұшырағанын, алайда
олардың көпшілігі кешенді стратегиялық көзқарастың болмауымен үздік шетелдік тәжірибені им-
плементациялай отырып, жүйесіз жүргізілген.
Осы мақсаттар үшін жоба сарапшыларымен сұхбат және сауалнама жүргізілді, бұл зерттеу-
дің тұжырымдамалық моделін пысықтауға, сондай-ақ, инновациялық мемлекеттік қызметтің негізгі
сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік берді. Бұдан басқа, қызмет атқару процесінде кездесетін про-
блемалық мәселелерге сүйене отырып, саланы одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді,
оның ішінде, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жақсарту, жекелеген қызметшілердің апатиясын
еңсеру қажеттілігі, бюрократизмді қысқарту және басқалар.