Инновациялық модельдер эволюциясы: туризмдегі желілер
Қаралымдар: 76 / PDF жүктеулері: 108
DOI:
https://doi.org/10.32523/2079-620X-2020-4-194-202Кілт сөздер:
инновация, модельдер, бәсекеге қабілеттілік, желілер, туристік нарық, туризм индустриясы.Аңдатпа
Инновацияға негізделген заманауи ақпараттық-коммуникативтік технологиялар жыл
сайын жаңартылып, күрделеніп, қолданылу аясы кеңеюде. Туризм индустриясындағы инновациялардың незігі мақсаты – дүниежүзілік туризмді тұрақты дамыту, тұтынушы мен өндіруші арасындағы тығыз
байланысты қадағалау, туристік ұйымдардың бір-бірімен өзара байланыста болып ақпарат алмасуын
қамтамасыз ету. Кейінгі онжылдықта инновациялық процесс біршама эволюцияға ұшырады. Экономика ертедегі атомдық модельдерден территорияларға қатты байланған интерактивтік процестерге негізделген жүйелі тәсілдерге қарай жылжуда. Инновациялық желілер инновацияның жоғары тиімділігіне
қол жеткізудегі бағыттар үшін ең қолайлы құрылым ретінде өседі.
Туризм индустриясындағы инновацияны зерттеу сұрақтарының өзектілігі ХХІ ғасырдың басындағы
әлемдік туристік нарықтағы бәсекеге қабілеттіліктің жылдам өсуімен және инновацияны туристік нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті өсірудің негізгі көзі ретінде ғылыми қоғамдастықтың қарастыруымен
байланысты. Әлемдік туризм индустриясы экономикалық әрекеттердің жоғары технологиялық салаларының бірі болып табылады. Мақалада ХХ ғасырдың 50 жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейінгі Й. Шумпетер, Р. Росвеллдің инновациялық модельдеріне сипаттама, Беркхоут пен Чесброның бесінші буын модельдеріне талдау жасалған. Сондай-ақ, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған туристік ұйымдарға арналған инновациялар үшін стратегиялық ұсыныстар ұсынылады
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.